
"Арыстан" бөбекжай бақшасы
Байгонысова Айжан Куралбековна
Меңгеруші
Шымкент қаласы «Арыстан» бөбекжай -бақшасының меңгерушісі Айжан Байгонысова Куралбековна 2002 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің шет тілі және әдебиеті мамандығын бітірді.
03. 03.2025 жылдан бастап «Арыстан» бөбекжай-бақшасында меңгеруші қызметін атқаруда.
Аталмыш бөбекжай балабақшасының педагогикалық ұжымы көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері аймақтық, қалалық, облыстық байқауларға қатысып бас жүлделерге ие болуда. Педагог кадрлары аймақтық, қалалық, облыстық деңгейде ұйымдастырылған іс-шаралардан алғыс хаттар, мақтау қағаздары, дипломдарға қол жеткізуде. «Арыстан» бөбекжай –бақшасының» педагог қызметкерлері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде ізденісі алға қойылған мақсаты мол.
Айжан Байгонысова Куралбековна мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларының біліктілік арттыру курсына қатысып сертификаттарға және аймақтық, Абай ауданының әкімінің, Қаратау ауданының әкімінің, Оңтүстік облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алғыс хаттарына ие болды.
Айжан Байгонысова Куралбековнаның мінезіне келер болсақ өте байсалды, өз ісіне берік тиянақты. Мінезі ашық, қарапайым, шығармашыл,еңбек сүйгіш. Барлық нарсені ақылмен сабырмен орындайды. Өз ортасында қарым-қатынасы жайлы тұрақты қалыптасқан. Қоғамдық жұмыстарды уақытында үлкен жауапкершілікпен орындайды.
Айжан Байгонысова Куралбековна атқарып отырған қызметіне лайық.